Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында қаңтар айында 660 адам жол қозғалысы ережелерін бұзған

Осыдан бірнеше күн бұрын инспектор камерадан “Газель” көлігін тізгіндеген азаматтың телефонмен сөйлесіп келе жатқанын аңғарған. Жол-патрульдік полициясы жүргізушіні бірден тоқтатыпты. Бірақ, ол рөлде ұялы телефонмен сөйлескенін мойындамай, “Жай көліктің пультін құлағыма тақап едім” деп жалтарған. Бейнежазбада оның телефонмен сөйлескені анық көрінеді. Сондықтан, жігіт кінәсін мойнына алып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыбын төледі. Қазіргі күні Петропавлда 74 сыртқы бақылау камерасы орнатылған.

Қанат Қасенов, Петропавл қаласы ІІБ жедел басқару орталығының инспекторы:

– Жыл басынан Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 974 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 662-і жолда жүру ережесін бұзу фактілері. Сонымен қатар, Петропавл қаласында орналасқан бейнекамералары арқылы жыл басынан 13 қылмыс ашылды.


Акбопе Танирберген