Спорт

Петропавлда бокстан облыстық чемпионат бастау алды

12 жасар Нұржанның бокспен айналысып жүргеніне небәрі 2 жыл болыпты.

Нұржан Ұнайбеков – бокстан облыстық БЖСМ тәрбиеленушісі:

– Қарсыласым осал болды. Сондықтан да тез жеңдім деп ойлаймын. Бұл менің 15-ші ойыным. 15 ойынның 12-ін жеңіспен аяқтадым.

Жалпы ұйымдастырылып отырған чемпионатқа облысымыздың 9 ауданы мен Петропавлдың 3 мектебінен 101 жеткіншек жиылған. Олар 18 салмақ дәрежесі бойынша өз араларындағы мықтыны анықтамақ.

Азамат Жақиянов – халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі:

– Бүгінгі облыстық чемпионатта 1-ші және 2-ші орыннан көрінгендер аймақтық чемпионатқа жолдама алады. Ол жарыста жеңімпаз атанғандар өңір намысын Республикада қорғайтын болады.

Атап өту қажет дүбірлі дода 4 күнге жалғаспақ.