МТРА жаңалықтары

Саяси партия өкілдері Елбасы үндеуін талқылауда

Иван Кендюх- «Ауыл» Қазақстанның социал-демократиялық партиясы” ҚБ саяси атқару комитетінің облыстық төрағасы:

– Кеңес үкіметі ыдырағаннан соң, біздер Президенттік басқару жүйесінде болдық. Қиын кезеңдерде ондай форма керек болды. Соның арқасында біздер дағдарыстарды қиналмай еңсеріп, елімізді дамудың даңғыл жолына бастай білдік. Ал дамыған мемлекеттер Парламенттік басқару жүйесіне көшкен. Қазақстан да осындай маңызды қадамды жасауға әзір. Сондықтан өз басым Елбасының бастамасын қолдаймын.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген барлық спикерлер Елбасының үндеуінде айтылған ойлар елімізді дамудың жаңа белесіне жеткізеді деген сенімде. Өйткені, өкілеттіктерді билік тармақтары арасында үйлестіру, олардың іске деген жауапкершілігін де арттырары сөзсіз.Тағы кездесуде партия өкелдері Президенттің жолдауын да талқылап өтті.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын бұл құжат еліміздің экономикалық дамуы мен қатар бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Президент білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар әрқашан назарда болатындығын айтты. Жолдауда Елбасының тілге қатысты айтқан тұсы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті – Гүлбақша Мұсабаеваның көңілінен шығып отыр.

Гүлбақша Мұсабаева- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, т.ғ.к.:

– Ағылшын тілінде оқу жүйесін мен қолдаймын. Бүгіндері біздің Университет соған орай, жұмысты жүргізіп жатыр. Өзіміз арнайы курстардан өтіп жүрміз. Қазақ тілін де меңгеру маңызды. Ол жас мамандар үшін керек.

ЗКТ: Елбасының Жолдауы еліміздің әр азаматына жетуі керек. Оны жүзеге асыруға бір адамдай ат салысамыз деп отыр жиылғандар.

 

Магжан Ахмадина