МТРА жаңалықтары

Елбасы Жолдауын солтүстікқазақстандықтар қызу талқылауда

Бұл дегеніміз өнеркәсіптің дамуы мен еңбек күшін арттыру, дейді солтүстікқазасқтандық кәсіпкерлер. Мемлекет басшысы еліміздің өркендеуі жастардың қолында екенін әр сөзінде айтады. Бұл ретте білім саласының қызметкерлері де оқушы тәрбиесіне ерекше көңіл аударулары тиіс.

Тұрар Ысқақов- СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Кәсіпкерлердге Жолдау жүктеген мақсат-міндеттер еліміздегі, оның ішінде біздің өңірдегі орта және шағын бизнестің толықтай дамуына алып келмек. Елбасы шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 50 пайызға дейін көбейту керек деген тапсырма берді. Сондықтан, өндіріс жетекшілері алдағы уақытта жұмыс күшін арттырып, заманауи техникалар көмегіне көбірек жүгініп, экспорт көлемін көбейткісі келеді.

Данияр Уәлиев, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

– Елбасымыздың Жолдауымен толық танысып шықтым. Өзіме жақын болғаны бұл – білім саласы. Осы білім саласын алатын болсақ, Елбасы болашақ азаматтарымыз сыңи тұрғыдан ойлау, өздігімен білім іздену, алу дағдыларын қалыптастыруды сұрайды. Осындай азаматты өсіретін болсақ біз ертең 21 ғасырда бәсекеге қабілетті ел болып, 30 қатарлы мемлекеттердің қатарына енгізеді.

 

Айгерим Ержанова