МТРА жаңалықтары

Елбасы үндеуін қоғамдық кеңестер де құптайды

Ескендір Елеусізов – облыстық қоғамдық кеңес призидиумының мүшесі, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Президенттің 40 шақты өкілеттігі Үкіметке немесе Парламентке беріледі. Елбасы осылайша, министрлер кабинеті мен заң шығарушы органның жұмысын теңестіріп, халық алдындағы жауапкершіліктерін арттырмақшы.

Ерлан Тоқшылық – облыстық қоғамдық кеңес призидиумының мүшесі:

– Қазіргі заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттік басқару жүйесін де жаңартатын кез келді деді өз үндеуіндеЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.

Келесі сұрақ ауыл шаруашылығына қатысты болды. Кеңес мүшелеріне тереңдете қайта өңделген ауылшаруашылық өніміне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы ұсыныс жасалды.

Қуандық Шакубаев – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Норматив бойынша шикі сүттің литрі -16 теңге, қатты ірімішік -20, құрғақ сүт-15 теңге болып бекітілген еді. Былтыр өңірдегі 11 сүт өңдеу кәсіпорынына жалпы құны 652 млн теңге көлемінде субсидия төленді. Биыл ақты терең өңдеп сататын өндіріс ошақтарына 838 млн теңге демеуқаржы төлеу жоспарлануда. Қазіргі таңда кәсіпорындардан өтініштер қабылдануда.

Кеңес мүшелері ұсынылған жобаны бірауыздан мақұлдады.

 

Берик Касен