Құқық қорғау органдары

Жолды қар жаппауын полицейлер қадағалауда

Мұз бен қардан аршуда басты күш қаланың орталық көшелеріне бөлінеді де, шеткері аудандар назардан тыс қалып жатады. Мұны арнайы топ жүргізген мониторинг көрсетіп отыр. Полиция қызметкерлері көшелерді күнделікті тексеріп, сапасыз тазаланатынын тізімге алған. Олар кәсіпорын, дүкен иелеріне және мұндай орындарға жақын орналасқан аула тұрғындарына да ескерту жасапты. Әркім өз аумағын тазалаулары шарт. Серіктестіктер ақ ұлпадан аршып жатқан жерге азаматтар көліктерін қойып кетпеулері керек. Мұндай жағдайда полицейлер темір тұлпарды айып тұрағына жөнелтуге мәжбүр.

Шамшиден Акышов – Петропавл қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Сапасыз жұмысы үшін ҚР кодексының 631 бабына сәйкес 6 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полицейлер мен инспекторлар арқылы қардың уақытында тазаланып және шығарылып тұруы жайында 289 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға хабардар болды.

 

Акбопе Танирберген