Спорт

ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау қызметінің құрылғанына – 25 жыл

Мерейлі датаға орай Петропавлда күш құрылымдары арасында спорттық жарыс өтті. Сайыста мамандар шағын футбол, шахмат дойбы және үстел теннисінен сынға түсті. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.


1992 жылы Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери қарсы барлау органын құру жөнінде жарлыққа қол қойды. Содан бастап бұл қызметке арнайы мамандар іріктелініп алына бастады. Қазір олар еліміздің қорғаныс саласына залал тигізуге жол бермеу мақсатында жұмыс атқарып келеді.

Ержан Унайбеков – ҚР ҰҰ Солтүстік өңірдегі бөлімшелері бойынша ҚР ҰҚК ӘҚБ бөлім бастығы:

– Әскери қарсы барлау органының негізгі міндеті – еліміздегі қорғаныс саласын барлауға тырысқан шетелдік агенттерді анықтау. Заңсыз айналымда жүрген қаруларды, жарылғыш заттарды тәркілеу ісімен де айналысамыз. Біздің мамандар бұл қызметті абыроймен атқарып жүр.

Жиынға Ұлы Отан соғысында “СМЕРШ” барлау тобында қызмет еткен Петр Гладков та шақыртылыпты. Қарт майдангер шара барысында жиналғандарға отты жылдары бастан өткерген естеліктерін әңгімелеп, жауапты қызметті әрдайым адал атқару керек екенін айтты.

Петр Гладков – Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Жұмыстарыңыз өте жауапты және қауіпті. Мен соғыс жылдары талай қиындықты бастан өткердім. Әскеріміздің күшін білуге тырысқан неміс шпиондарын анықтап, олардың көзін құртуға тырыстық. Сіздер де өз қызметтеріңізге адал болыңыздар.

Кейін, шара спорттық ойындармен жалғасын тапты. Мамандар шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, дойбы және бильярдтан сынға түсті.

 

Байболат  Култанов