Спорт

Петропавлда қазақ күресінен облыстық жарыс өтті

Олар 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Қызыл жейде киген Ермұқан Кентаев алғашқы секундтардан-ақ қарсыласына түрлі әдіс-тәсілдерді оңтайлы қолданып, жеңіске жетті.

Ермұқан Кентаев – жарысқа қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Осы жарысқа бір айдан дайындалдым қиын болды. Осы шыққанда мен пастичка жасадым. Содан соң, жүрдім-жүрдімде спинка жасап, 46 секундтың ішінде жеңіске жеттім.

Жалпы шараға өңіріміздің Ақжар, Тайынша, Жамбыл, Шал ақын, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов аудандары мен Петропавл қаласынан 100-ден астам палуан қатысуда. 15-16 жастағы спортшылар 46 және 81 келі салмақ дәрежесі бойынша өз араларында мықтыны анықтайды.

Ғалым Өркешов – Облыстық балалар және жасөспірімдер спорттық күрес мектебінің директоры:

– Бұл жарыстағы жеңімпаздарымыз келесі жарыстарға қатынасады. Жасөспірімдер арасындағы республикалық сайыс және “Жас барыс” жарысы бар күзде өтетін. Біздің облысымызда соңғы 3-4 жылда қазақ күресі жақсы дамып, үлкен жетістіктерге жетуде. Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл аудандарында қазақ күресі жақсы жолға қойылған.

 

 

2 күнге жалғасқан додада жеңіс тұғырынан көрінген палуандар грамота және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ, республикалық жарысқа жолдама алады.

Тогжан Акмагамбетова