МТРА жаңалықтары

Өңірде республикалық “Қамқорлық” акциясы жалғасуда

Тұрмыстары төмен болғандықтан, бұл ұл-қызды қажеттінің бәрімен қамтуға ата-анасының шамасы келмейді. Бірақ, бүгін олар ерекше қуанышқа бөленді. Өйткені, балаларға өздері оқитын №12 орта мектептің ұжымы көмек ретінде жап-жаңа қысқы аяқ киім мен мектеп формасын табыс етті. Енді ағалы-қарындасты екеуі аязды күні жылы жүретін болды.

Светлана Килинг – №12 орта мектептің оқушысы:


– Біздің мектеп ағам екеуімізге үнемі әлеуметтік қолдау көрсетіп тұрады. Бүгін бізге киім мен оқу құралдарын табыс етті. Бұл – менің отбасым үшін үлкен көмек. Мектеп әкімшілігіне өз алғысымды білдіремін.

Аталған білім ұясында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Биыл мұнда қызыл жалынның кесірінен баспанасыз қалған бір отбасыға қолдау көрсетіп отыр.

Марина Козловские – ата-ана:

– Мен жалғызбасты анамын. Балаларым осы мектепте оқиды. Жақында біздің үйіміз өртеніп кетті. Қызыл жалын кезінде біздің барлық заттарымыз күлге айналды. Тіпті, аяқ киімсіз қалдық. Мектеп ұжымы осы жағдайды ескеріп, бізге қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Алғысым шексіз.

Қазір №12 орта мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін 36 оқушы бар. Биыл оларға көмек көрсету үшін “Қамқорлық” республикалық акциясы аясында мемлекет бюджетінен 307 мың теңге бөлініп отыр.

Айтқожа Баукенов – №12 орта мектептің директоры:

– Қаңтардың 10-ынан “Қамқорлық” акциясы басталды. Жоспар құрдық. Ұстаздар оқушылардың үйіне барып, кім қандай жағдайда тұрып жатқандығын байқады. Осылайша, біз көмекке мұқтаж екі отбасыға қолдау көрсеттік.

Аталмыш акция елімізде ақпан айының 10-на дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова