МТРА жаңалықтары

Ел басқарудың жаңа жүйесін солтүстікқазақстандықтар қолдап отыр

Қуаныш Бишимов – “ПАМЖЗ” АҚ бас директоры:

– Еліміздің көздегені – қоғамның демократиялық қағидаларына қол жеткізу. Бұл ретте Парламент пен Үкімет жұмысының маңыздылығы артатыны белгілі. Менің ойымша, Елбасының ұсынысы бұл – Қазақстан үшін маңызды стратегиялық шешім. Ал қоғам үшін бұл – қажетті өзгеріс.

Біржан Жалғасбаев – облыстық мәслихаттың депутаты:

– Елбасымыздың ұсынысын халық ойланып, болашаққа қарай көз жүгірту қажет.Өйткені, бұл маңызды шешім елдің алдағы өміріне ықпалын тигізеді. Қазақстан көш соңында қалмай, әлем елдерінен қалмауы тиіс.

Айгерим Ержанова