Қоғам

Қаңтардың 7-сінен бастап өңірде 16 мыңнан аса азамат тұрақты және уақытша тіркеуден өткен

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Вице-министр қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, ол жерде мамандардың жұмысын байқады. Жалпы, теріскейде қаңтардың 7-нен бастап 16 мыңнан аса азамат тіркеуден өткен. Олардың 8 мыңы уақытша тіркеуге тұрған.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ТОЛЫҚ ЭАЗ Ішкі істер министрінің орынбасары:

– Халыққа қызмет көрсету орталығында адамдардың кезек күтіп отырғаны байқалмайды. Тұрғындарға 15-20 минут ішінде қызмет көрсетілуде. Бұл өте жақсы. Қазір мамандар азаматтарды таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін тіркеуден өткізеді. Тағы, жексенбі күні де күндізгі 3-ке дейін еңбек етеді. Жалпы, елімізде 530 мың адам тіркеуден өтті. Оның 300 мыңға жуығы уақытша тіркеуге тұрды.

Байболат Құлтанов