Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері СҚО есірткіге қатысты 26 қылмыстың беті ашылды

Назарға іліккен 40 жастағы ер адам өз үйінде заңсыз сауда жасап, сананы да, ағзаны да улайтын ұнтақты тұрғындарға емін-еркін өткізіп пайда тапқан. Полиция өкілдері қылмыстың үстінен түсті. Сол кезде күдікті марихуананың біраз бөлігін терезеден лақтырып жіберуге әрекет жасапты.

Самархан Әлкенов – Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі:

– Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіден салмағы үш келіден асатын марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, үйінде 40 грамм гашиш табылды.

Мамамандар иісшіл иттің көмегімен күдіктінің тұрғылықты мекен жайынан 2 келі марихуана тапты. Оны ол қора-қопсысының әр жеріне жасырған. Тергеушілер тиым салынған заттың қайдан алынғанын анықтау үстінде. Ұсталған азаматтың өзі нашақор ретінде еш жерде тіркелмеген.

Самархан Әлкенов – Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі:

– Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе күдікті 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 40 жасар қала тұрғынынан 4 келі 52 грамм есіртік заты тәркіленді.

Бұл үстіміздегі жылы солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларымен анықталған есірткі қылмыстарының 26-шы фактісі болып отыр.

Берік Қасен