Қоғам

Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылында қос бірдей нысан тапсырылды

Міне, жергілікті халықтың тілегі орындалар сәттің де ауылы алыс емес сияқты. Халықтың қуанышына орай бүгін жаңа спорт нысаны өз жұмысын бастамақ. Осынау маңызды күні оларды құттықтауға облыс әкімі Ерік Сұлтанов келіп, салтанатты түрде кешеннің таспасы қиылды.

Кейін өңір жетекшісі кешеннің ішін аралап көрді. 1500 шаршы метрден астам аумаққа жайғасқан 2 қабатты нысан іші заманауи қондырғылармен жарақталған. Мұнда өтетін ойындарды бір мезетте 150 адам тамашалай алады.

Ольга Габдраутова- Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің әкімгері, Қызылжар ауданы:

– Балалар мектептен кейін осында келіп денелерін шынықтыра алады. Не сабақтары осында өтуі мүмкін. Тұрғындар үшін спорт нысаны әзірге, тегін кешкі 5-тен 9-ға дейін жұмыс істейтін болады. Кейін абонементтер қарастырылмақ.

Ең бастысы нысанның ашылғанына ойын балалары риза. Өйткені ауылда спортпен айналысатын балғындардың қатары көп.

Анастасия Генералова- Новоникольск ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Мен өзім волейболмен айналысамын. Талай жарыстарға қатысып, жүлделі орндардан көрінгенбіз. Бұрын мектептегі спортзалда жаттықсақ, енді осында келетін боламыз. Мұнда жақсы. Маған ұнады.

Данил Десятов- Новоникольск ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Мұндай кешенді бұрындары тек армандауға болады деп ойлайтынмын. Енді міне, ол өзімізде бар. Енді тек үнемі осында келіп жаттығып, еліміздің атын шығаруға тырысуымыз керек. Барлық жағдайлар бар ол үшін.

Нысанды «Зенченко и К» КС жеке қаражатына тұрғызған. Оған 240 млн теңге қаржы жұмысалыпты. Ауылды көркейтуге үлес қосып келе жатқан кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екендігін облыс әкімі Ерік Сұлтанов та атап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Волейбол, баскетбол, фитнес, жаттығу залдары бар. Бассейн 4 жолға шақталған. Бұл нысан халықты спортқа тартуға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Бұл күні тағы облыс әкімі толық жаңғыртудан өткен мал шаруашылығы кешенін аралады. 360 басқа арналған қорада бұрындары сиырлар байлаулы болса, қазір бос жүреді. Ал мында бұзаулар тұрады. Оларды арнайы белорусь технологиясымен, яғни ашытылған сүтпен тамақтандырады екен. Ол жас төлдердің асты дұрыс қортауы үшін пайдалы дейді кешен мамандары.

Жалпы серіктестікте жүргізіліп жатқан шаруаның барлығы мал басын арттыру үшін жасалуда. Тиісінше, ақтың көлемі өседі.

Геннадий Зенченко- «Зенченко и К» КС бас директоры, Қызылжар ауданы:

 


–  Петропавл, Астана және Қорғанға жеткізетін сүт көлемдері сол қалпында қалады. Біз сүтті ешқайдан алмаймыз. Ақтың барлығы өз шаруашылығымыздан зауытқа жөнелтіледі. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту қажеттігін жақсы түсінеміз. Ол адамдарды жыл бойына жұмыспен қамтып, өндіретін өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Алдағы уақытта серіктестіктің тағы бірқатар шаруашалығында жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.

Мағжан Ахмадина.