Қоғам

Новоишимка селосында жаңартылған уақытша ұстау изоляторы ашылды

Нысан 2015 жылы ең төменгі халықаралық стандарттарға да сай емес деп танылып, сот шешімімен жабылған болатын. Айту керек, изолятор аудандық полиция бөлімі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Мұнда 12 орынға шақталған 3 камера бар. Сонымен қатар, тергеу және медициналық кабинеті мен азық-түлік тарату бөлмесі де қарастырылған. Бұдан бөлек, демалу алаңы да жабдықталып, көлік шлюзі орналастырылған. Бүгінде изолятордың жөнделуі біраз мәселені шешті дейді мамандар.

Қайролла Нұрышев – Ғ.Мүсірепов аудандық ІІБ бастығының орынбасары:

 

– Бұрындары тергелушілерді облыс орталығына және көршілес аймаққа таситын едік. Ол үшін біз мамандардың өмірімен тәуекел ететін едік. Енді, міне бұл мәселе де шешімін тапты. Өте қуаныштымыз.

Айсулу Сергали