МТРА жаңалықтары

Мәуліт мерекесі

Мәуліт мерекесі мұсылман елдерінде 1000 жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Биыл желтоқсан айында басталған шара қаңтар, ақпан айлары бойына жалғасады. Осы уақыт аралығында Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларының ұлық істері, өмір жолы мен көрген қиыншылықтары насихатталады. Имамамдар түрлі уағыздар оқып, халықтың діни сауатылығын арттырады. Ал ертең, яғни қаңтардың 25 – сі Мәуліт мерекесіне арналған кең ауқымды шара Н.Погодин атындағы орыс драма театрында сағат 11.00 – де ұйымдастырылмақ. Мұнда арнайы көріністер көрсетіліп, дәстүрлі қазақ әндері шырқалады. Кешке Ресей Федерациясының Омбы облысы мен Алматы, Қостанай қалаларынан меймандар қатысады.

Магжан Ахмадина