Қоғам

СҚО экономикалық дамуы

Сонымен қатар, өткен қаңтар-желтоқсан айлары аралығында облыс кәсіпкерлері 191,7 млрд теңгенің тауарын өндірді. Оның 138 млрд-ы қайта өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ал ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім – 416 млрд теңгеден астам соманы құрады. Былтыр 90 мың тонна мал және құс еті, 525,5 мың тонна сүт және 576 млн дана жұмыртқа саудаланған. Фармацевтика өндірісі шамамен 3 есеге ұлғайды. Бұдан бөлек, аймақта терезелер мен есіктер, бетон және қағаз өнімдерін шығару өндірісі еселей түскен.

Сондай-ақ, 2016 жылы облысымызда 639 ғимарат салынған. Оның басым бөлігі тұрғын – үйлер екен. Тағы сүт өңдеу кәсіпорындары, қойма, сауда орындары, шағын маркеттер, техникалық қызмет көрсету орталықтары, шаштараздар, монша, гүлзарлар мен балабақшалар, астық сақтауға арналған қосындар мен мал шаруашылығы кешендері тұрғызылды.

 

Айгерім Ержанова