МТРА жаңалықтары

Оқушылар әскери дайындықтарын пысықтады

Таңсық Абылов – «Парасат» мектеп-лицейінің АӘД пәнінің мұғалімі, Қызылжар ауданы:

–  Сайысымыз 4 бағытта болады. Атыс, медициналық, саптық және туристік сындар. Мұнда оқушылар түрлі кедергілдерден өтеді. Оларды жақсылап дайындап әкелдік. Жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, отансүйгіштік бағытта тәртиелеп шығару.

Міне, 4 команда бірінші кезең – автоматты бөліп-жинау сайысын бастап кеттін. Алғаш болып Бәйтерек орта мектебі мен «Парасат» мектеп-лицейінен келген балғындар сынға түсті.

“Парасат” мектеп- лицейнің намысын 10-сынып оқушысы Қайсар Нұрғалиев қорғауда. Болашақта әскери сала тізгінін ұстағысы келетін жасөспірім намысты қолдан бермек емес.

Қайсар Нұрғалиев – «Парасат» мектеп-лицейінің оқушысы, Қызылжар ауданы:


–  Автоматты бұзып-жинау сайысында біздің команда жақсы өнер көрсетті. Мектепте 12 секундта жасайтынмын. Енді осы сайыста көреміз. АӘД сабағында алған білімімді осында жақсы көрсетемін деп ойлаймын. Мен Петропавлдағы әскери институтқа түсіп, әскери маман болғым келеді.

Біреулері автоматы жинап әлек болып жатқанда, далада нағыз жеңіс үшін күрес. Мұнда қос команда кедергілерден өтіп, қашықтықты бағындыруда. Арасында нәзікжандылар да бар.

Әмина Сапарбай – «Бескөл» орта мектеп-гимназиясының оқушысы, Қызылжар ауданы:


–  Мен бірінші рет қатысып жатырмын. Маған өте ұнады. Бір апта бойы дайындалдық. Мен үшін осы сайыс қиын болып отыр. Бірақ біз жақсы дайындықпен келдік. Сондықтан жақсы өтемін деп ойлаймын.

Әр дұрыс істелген тапсырма мен оған аз уақыт жұмсаған команда 20 ұпайға ие болды. Сөйтіп, сайыс қорытындысында ең көп ұпай жинаған «Бескөл» орта мектеп-гимназиясы бірінші орынды жеңіп алды. Ал, Бәйтерек орта мектебі – 2-ші, «Парасат» мектеп-лицейі 3-ші тұғырдан көрінді. Осылай таза ауа, табиғат аясында демалыстарын белсенді өткізген болғындар үшін шекарашылар қару-жарақ көрмесін ұйымдастырды. Тағы иісшіл иттердің жұмысын көрсетті.

Мағжан Ахмадина