МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

Былтыр жетекші партияның жергілікті өкілдері 9 жобаны іске асырған. Шара негізінен жалғызілікті қарияларды қолдауға, мүгедек балалаларды қоғамға бейімдеу, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек беруге бағытталған. Осылайша, “Мектепке жол” акциясы аясында 180 балаға оқу қралдары мен киім-кешек беріліпті.

Кеңес Мұқышев – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірініші орынбасары:

– Бұдан басқа “Ең үздік бастауыш партия ұйымы” байқауы өткізілді. Аталмыш шара ұйымдардың белсенділігін арттыруды көздейді. Былтыр ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған 120 бұқаралық шара ұйымдастырылды.

Бұдан басқа жетекші партия “Нұрлы жол”, “”Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламалары аясында бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қадағалайды. Осы мақсатпен 2016 жылы “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалы жанынан құрылған бақылау комиссиясы 20 рейд пен 15 отырыс өткізіпті.

Кеңес Мұқышев – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірініші орынбасары:

– Біз халықпен тығыз жұмыс жасаймыз. Мешін жылы “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына 600-ге жуық адам келді. Негізгі сұрақтар жұмысқа орналасу, балабақшаға кезек алу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, баспанаға электр, су және жылу құбырларын қосуға қатысты болды.

Өткен жылы жаңадан 20 бастауыш партия ұйымы құрылды. Саяси кеңесі бюросының отырысында кәсіпорын жанынан құрылған кейбір ұйымдарды біріктіру туралы ұсыныс жасалды.

Амангелді Сатанов – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалының консультанты:

 

– Бүгінде “Вант”, “Полиграфия”, “Единство”, “Амир”, “Казахинстрах” компанияларында құрылған бастауыш партия ұйымдарында саусақпен санарлық адам қалды. Сондықтан, жоғарыда аталған ұйымдарды “Ынтымақ” бастауыш партия ұйымына біріктіру жөнінде ұсыныс жасаймын. Сондай-ақ, шаһарымызда “Петропавл қаласының БАҚұралдары” мен такси қызметтерін біріктіріп, онда да бір бастауыш ұйым құрған жөн.

Отырыста “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалының жартыжылдық жұмыс жоспары бекітілді. Алдағы сейсенбі күні осы ғимараттта тұрғындарды уақытша тіркеу бойынша мәселелер қарасытырламқ.

Берік Қасен