МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар Наурыз мерекесі мен Елорда күнінде төрт күн демалатын болды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылғы наурыз және шілде айларындағы демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес, демалыс күндері 18 наурыз – сенбіден 20 наурыз, яғни дүйсенбіге ауыстырылады. Енді қазақстандықтар 19-22 наурыз күндері, сондай-ақ Елорда күні мерекесінде шілденің 6-сы мен 9-ы күндер аралығында демалатын болады. Бірақ, шілденің 1-і, сенбі барлығы үшін жұмыс күні болып есептеледі.

Айсулу Сергали