МТРА жаңалықтары

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» жобасының орнын басатын аталған жаңашылдықтың артықшылығы мол. Бағдарлама аясында еңбек нарығында өз кәсібі бойынша жұмыс таба алмай жүрген азаматтар даярлықтан өтіп, өзге кәсіпті игере алады.

Раушан Текебаева- Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры :

– «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту», «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды үш бағыттан тұратын жаңа бағдарлама шеңберінде тегін оқумен зейнет жасына дейінгі кез келген тұрғын қамтамасыз етіледі. Оларға шәкіртақы төленеді.

Одан бөлек, бағдарлама шеңберінде беріліп келген шағын несиенің көлемі 3 млн.теңгеден 18 млн. теңгеге дейін ұлғайған. Владимир Шалаев құс шаруашылығымен айналысады. Осыған дейін мемлекеттік бағдарламаға қатысқан ол, енгізілгелі жатқан жаңашылдық кәсіпкерлерікті дамытуға үлкен септігін тигізеді дейді.

Владимир Шалаев- «Шалаева» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– 2015 жылы мен бағдарлама бойынша 3 жылға 3 млн теңге алдым. Оны мерзімінен бұрын жапқандықтан тағы 5 млн теңге алып, кәсібімді кеңейттім. Башқұртстаннан етті бағыттағы 50 мың бас қаз әкелдім. Енді жобаның шарттары жақсарыпты. Бұрынғыдай жылдық 6 пайызбен 18 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Әрине бұл ісін жаңадан бастаған, тағы кәсібін кеңейтемін деген бизнесмендерге жақсы мүмкіндік.

Жалпы өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдларламасы бойынша 29 қызылжарлық 82,5 млн теңгенің несиесін алған. Мемлекет қолдауы бүгіндері жекеменшік шаруашылықтарға да керек дейді ғалымдар.

Аймағамбет Барлыбаев- Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы:

 


–  Өйткені үстелдегі азық-түліктердің 82 пайызы осы жекеменшік шаруашылықтрадың өнімдері. Сондықтан оларды қолдамай, мал өсімі болмайды.

Жалпы бағдарламаны түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Осындай семинарлар өңіріміздің барлық аудандарында өтеді деп жоспарланған.

Мағжан Ахмадина