МТРА жаңалықтары

Универсиадада жеңіске жеткен спортшылар 5 млн теңге шамасында сыйақы алады

Байрақты бәсекеде топ жарған спортшы 4 млн 900 мың теңге иеленбек. Ал, 2-ші орын алғандарға 3 млн 300 мың теңге, қоладан алқа таққандарға 1 млн 600 мың теңге табысталады. Бұл жайлы ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Айта кеткен жөн, төрткіл дүние көз тігетін дода оңтүстік астанада қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і күндері аралығында өтеді. Жаһандық жарыста әлемнің 59 мемлекетінен келетін 2 мыңнан аса спортшы бақ сынамақ. Қазақстанның намысын 168 өрен қорғайды. Оның 8-і теріскейліктер.

Байболат Култанов