Құқық қорғау органдары

Ресейге 10 тонна сыраны заңсыз жолмен өткізбек болған қазақстандық ұсталды

“Вольво” жүк көлігін тізгіндеген азамат көршілес елге 10 тонна “Kozel” сырасын заңсыз жолмен өткізбек болған. Ол алкогольдік ішімдікті «Coco Cola» сусындары құйылған бөтелкелердің артына жасырған екен. Анықтала келе контрабандалық тауардың тасымалына қажет тиісті құжаттары болмағандығы белгілі болды. Тағы, бір осындай құқық бұзушы “Қарақоға” барлау пунктінде қолға түсті. 34 жастағы қазақстандық рұқсатсыз 5 тонна темекіні шекарадан асырмақ болған. Табак өнімдерінің басым бөлігі “Fast” маркасынан тұрады. Бұл жайлы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметі хабарлайды. Қазір істі де облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қарастыруда.

Байболат Култанов