Қоғам

Петропавлда “Жұмыртқаны сол қолыңмен қысып жар” байқауы қорытындыланды

Светлана Кеер – “iKus” ЖШС бренд-менеджері:

– “Якорское” тауық жұмыртасын серіктестік 2016 жылдан бастап шығара бастады. Қазір бізде табиғи таза өнімнің 3 түрі дайындалады. Олардың құрамында А және Б дәруендері бар. Мәселен, “Якорское-Био” жұмыртқасы ақуызға бай. “Якорское#ПП” маркалысын спортшылардың жеуіне кеңес беремін. Өйткені, ол бұлшықеттердің жылдам қалыптасуына көмектеседі. Серіктестік әр апта сайын Алматыға – 2, ал Өскеменге 1 фура жұмыртқа жібереді.

Серіктестік басшылығы тұрғындар арасында қызыққа толы байқауларды өткізуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, соңғы рет Инстаграмм желісін қолданушылар арасында “Жұмыртқаны сол қолыңмен қысып жар” конкурсы ұйымдастырылды. Оған солтүстікқазақстандықтар мен қатар өскемендіктер де қатысыпты. Сайыс ережесі өте қарапайым. Үміткерлер алдымен “iKus” кәсіпорны өндірген “Якорское#ПП” брендті тауық жұмыртқасын сатып алулары тиіс. Кейін, оны ешқандай құралдың көмегінсіз, тек сол қолдарымен қысып жаруға міндетті.

Светлана Кеер – “iKus” ЖШС бренд-менеджері:

– Бұл байқау қазан мен қаңтар айларында өтті. Осы уақыт аралығында өздерінің инстаграмм парақшаларына 85 адам өз видеоларын салды. Біз конкурстың әділ өткендігін қатаң бақыладық. Кейбір қатысушылар жұмыртқаны саусақтың күшімен не болмаса, басқа да ережеге сай емес әдістер бойынша жарып жатты. Мұндай видеоларды есепке алмадық.

Байқау жеңімпазы Айфон 6s ұялы телефонын иеленеді. Бұл бағалы сыйлықты Петропавл қаласының тұрғыны Бақтияр Стықұлов жеңіп алды. Ол – “Якорское#ПП” маркалы жұмыртқаны сол қолымен әділ қысып жарғандардың бірі.

Жас жігіт “iKus” компаниясы шығаратын өнімді жиі тұтынады екен.

Бақтияр Стықұлов – байқау жеңімпазы:

– Мен бұл байқау жайлы әлеуметтік желіден білдім. Кейін өз бағымды сынап көруді жөн санадым. Жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ, бағым жанып отыр. Өзімде қазір Айфон 5s ұялы телефоны бар. Енді акция ұйымдастырушылары оның жаңа үлгісін сыйға тартып отыр. Ол үшін “iKus” компаниясына алғысымды білдіремін.

Биыл “iKus” компаниясы өз тұтынушылары арасында тағы да басқа қызықты байқауларды өткізбек. Серіктестіктің алда атқарар жоспары ауқымды. Осы жылы кәсіпорын 120 млн дана тауық жұмыртқасын өндірмек. Оның 47 млн-і “Якорское” брендінен.

 

Култанов Байболат