МТРА жаңалықтары

Өңірімізде Православтар Рождество мерекесін тойлауда

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Рождество – барша христиандықтар үшін ізгіліктің белгісі. Бұл күні Вифлеемде жанған жарық әр адамның жүрегін нұрға бөлесін деп тілеймін.

Кейін іс-шара рождестволық концертке ұласты. Сахнада өңіріміздің жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілері өнер көрсетті. Олар қалың көпшілікке мерекелік ән-жырдан шашу шашты.

Теріскейліктерді өзінің жырымен қуантқандардың қатарында Яна Богова да бар.

Яна Богова – өнерпаз:

– Қазақстандықтарды қасиетті Рождество мерекесімен құттықтаймын. Әрқашан аспанымыз ашық болып, береке бірлікте тұрайық.

Қызылжарлықтар жылы лебіздерін білдіріп, қасиетті мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтады.

– Барша солтүстікқазақстандықтарға Рождество мейрамында жақсылық тілеймін. Тек қана тыныштық пен достықтың болғанын қалаймын.

– Православ сеніміндегі христиандарды Рождество мерекесімен құттықтаймын. Денсаулық, бақыт пен береке тілеймін.

Аталмыш мейрам қаңтардың 19-ы Крещение мерекесіне жалғасады.