Денсаулық сақтау

Елатом зауытының құрылғылары жеңілдікпен сатылауда

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– “Унилор” гайморит ауруын емдеуге көмектеседі. Қыс пен күзде адамдарға көп себін тигізеді. Құлақ, мұрын, тамақ ауырғанда таптырмайтын құрылғы. Емделу үшін аппаратты ддәрігердің кеңесімен 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет.

Ақ халаттылардың айтуынша, “Алмаг-01” жоғары қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамның да жанын жай таптыратын қасиеті бар аппаратты солтүстікқазақстандықтар басқа құрылғылармен салыстырғанда көбірек сатып алады екен

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– «Алмаг-01″ аппараты жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге септеседі. Ол магниттік импульстар арқылы емдейді. Омыртқаға келтіріп үстіне жатуға болады. Аппаратты қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

Зейнеткер Валерий Науменконың сырқырамайтын буыны жоқ. Алмаг-01 аппаратын осыдан 5 жыл бұрын сатып алыпты. Аппарат ақсақалдың көңілінен шығып отыр. Бүгін енді дәл осы зауыттың жүйке жүйелерін тыныштандыруға арналған құрылғысын сатып алсам деп келіпті.

Валерий Науменко, зейнеткер:

– Аппаратты ауырған жеріме баса қойсам болды, біршама уақыт өткеннен кейін нәтижесін көрсетеді. Бұрын бір жерім ауырса болды, аурухананың табалдырығын тоздыратынмын. Қазір отбасымызбен бірге осы “Үй дәрігері” сериясымен шығатын құралдарды қолданамыз.

47 990 теңге тұратын “Алмаг 01” аппаратын қазір 20 пайыздық жеңілдікпен 37 700 теңгеге алуға болады. Мұндай жеңілдіктер акциясы қаңтардың 27-не дейін жалғаспақ.

 

Акбопе Танирберген