Құқық қорғау органдары

Өңірде “Көрші бақылауы” жобасы аясында 500-ден астам заңбұзушылық анықталған

Айыпты деп танылған тұрғындардың дені абаттандыру ережелерін бұзған, рұқсат етілмеген жерлерде сауда-саттық жасап, белгіленбеген орындарда ит, мысықтарын серуендеткен көрінеді. Ал, жуырда петропавлдық азамат Уәлиханов көшесіндегі бір дүкеннің сатушысы кешкі уақытта 19 жастағы жігітке ішімдік сатқанын айтып шағымданған. Енді, күдікті әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 200-бабына сәйкес кем деген де 20 мың теңгеге айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір бұл іс сотқа жіберілген.
“Көрші бақылауы” жобасы СҚО-сы аумағында 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде.

Амангелді Есмағамбетов – Петропавл қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы:

– Сенім телефонына күніне 5-6 қоңырау шалынады. Біз әр хабарламаға жедел жауап беріп, соған қарап, құжаттар жинап, әкімшілік хаттама толтырамыз.

 

Тогжан Акмагамбетова