Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда

Рауан Серікұлы – №23 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі:

– Үйдің жалпы құны – 10 млн 700 мың теңге. Оның 30 пайызын жинадым.

“Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы қоныс тойын тойлағандардың тағы бірі – Ерік Көшеғалдыұлы. Жас жігіттің пәтері – 2 бөлмелі. Ол мұнда өзінің отбасысымен тұрып жатыр.

Ерік Көшеғалдыұлы ҚЫЗМЕТІН ЖАСЫРДЫ:

– Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 2008 жылдан бері салым саламын. Былтыр жолым болып аумағы 58 шаршы метр болатын пәтерге ие болдым. Баспанам өзімізге ұнайды. Жылы, жарық әрі кең. Біраз жылдар бойы үйімнің жалпы құнының 30 пайызын жинадым. Бұл – 2 млн 400 мың теңге. Қалғанын 8 жылда бөліп қайтарамын.

Жалпы, өңірде “Нұрлы жол” бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Өткен жылы Петропавлда аталған жоба аясында 220 пәтерлі 3 үй қолданысқа берілген екен. Биыл облыс орталығында енді 7 баспананың құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 3 млрд 390 млн теңге қаржы бөлінген. Оның бүгінде 1 млрд 149 млн теңгеден астамы қайтарылған.

Әмір Нұрмұқанов – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 80 пәтерлі үй қолданысқа беріледі. Әлі баспаналардың 1 шаршы метрі қанша мың тұратындығы бекітілген жоқ. “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасына қалалық әкімдікте пәтер кезегінде тұрғандар мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қатыса алады. Олардың қанша ақша жинағандары мен неше жылдан бері салым салғаны ескеріледі.

Айта кетейік, бұл бүгінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өңірде 26 мыңнан аса салымшысы бар. Тағы, 13 мың тұрғын қалалық әкімдікте пәтер кезегінде тұр.

 

Култанов Байболат