МТРА жаңалықтары

Қалалық “Жастар бастамалары орталығы” өз жұмысын бастады

Екатерина Старостина – қалалық жастар бастамалары орталығының инструкторы:

– Бұл жоба 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, біз жастармен кездесіп, түсіндіру шарасын жүргіземіз. Кейін белсенді студенттермен жұмыс жасап, олардың бойында көшбасшылық қасиет қалыптастыруға тырысамыз. Олар орталық психологтарымен дайындалып, арнайы курстардан өтеді. Жыл соңында жастарға сертификаттар табысталмақ.

Аталған жоба жастарды белсенді етіп, қоғамдық өмірге қатыстыруға бағытталған. Мұнда жастарды жұмыспен қамту да қарастырылыпты. Соның бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Биылғы жазда аталған жоба бойынша 665 студентті қабылдау жоспарланып отыр.

Ерасыл Алпысбай – “Өнер колледжі – музыкалық- эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешенінің студенті:

– Жасыл ел жайлы білдім. Жоба аясында студенттер жазғы мезгілде жұмысқа тұрып, жалақы алуға болады. Бұл біз үшін табыс табуда зор мүмкіндік.

Қалалық жастар бастамалары орталығы жақында ғана құрылса да, мұндағылар өздеріне мақсат қойып, жұмыстарының жемісін көруді көздуде. Ол үшін орталық мамандары Петропавлдағы колледж және университет студенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатпақ ниетте.

Рустем Есенбергенов – қалалық жастар бастамалар орталығының басшысы:

 

– Мақсаты – жастардың басын біріктіріп жұмыс жүргізу.

Жалпы биыл аталған орталық 100-ден астам түрлі шара өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде интеллектуалдық және қайырымдылық акциялары да баршылық.

Айгерим Ержанова