Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан бейне камералардың көмегімен 303 құқықбұзушылық анықталды

Камера арқылы, тіпті, машина жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескендерді, қауіпсіздік белдігін тақпағандарды да көре алады. Жалпы бүгінде облыс орталығында осындай 75 құрылғы орнатылған екен.

Марина Писаренко – Петропавл қаласы ІІБ жедел басқару орталығының кезекші-инспекторы:

 

– Ағымдағы жылы 11 күн ішінде 303 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 220-сы жол қозғалысы ережесін, ал 83-і өзге де қоғамдық тәртіпті бұзған. 3 қылмыстық істің беті ашылды.

Жалпы өткен жылы камералардың көмегімен полицейлер 19 344 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Соның дені жолда жүру ережесін сақтамауға қатысты.

Айсулу Сергали