Құқық қорғау органдары

Ұрылар қолға түсті

Мұны байқаған тұрғындар шағымы бойынша тәртіп сақшылары жедел алдын алу шараларын ұйымдастырып, бұрын сотталған, есепте тұрған азаматтарды тексеріпті. Нәтижесінде бұрын да істі болған қос солтүстікқазақстандық қолға түсті. Ұрылар кезекті жорықтарының бірінде бейнекамераға түсіп қалған. Екеуі де ұрлық жасап, пайда табуды бұрыннан кәсіп қылып келе жатқан әккілер болып шықты.

Күдікті:

– Ну, подъезд открыли – я подходил и зашел.

– Почем продал?

– Санки за 2000.

Не жалко было у детей брать?

– Жалко.

Мұндай арам ойды жүзеге асыруға 38 жастағы ер адамға азаматтық некедегі әйелі көмектесіп отырған. Қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Енді ерлі-зайыпты ұрылардың үш жылға дейінгі мерзімге сотталып кетулері мүмкін.

Гариф Хамзаев – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Күдікті подъездерге кіріп, балалардың қоларбасын, шанасын, велосипедтерін ұрлап келген. Қолды қылған заттарды қала базарларында сатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс-қаралып, тергеу амалдары жасалуда.

Полицейлер тұрғындарға өз мүліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Былтыр өңірде мұндай 3000 факт тіркеліп, оның 1600-ден артығының ғана беті ашылған.

 

Акбопе Танирберген