Құқық қорғау органдары

Сырқат сәбидің атын жамылып пайда тапқан алаяқ қолға түсті

Сөйтіп, баласының дерті жайлы толыққанды ақпарат пен фотосуреттерді жүктеген екен. Қайырымды жандардың көмек көрсете алуы үшін өзінің банктегі шоты мен телефон нөмірін жариялаған. Бірақ, уақыт өте интернет беттерінде өзінің сырқат баласының атын жамылған өзге жалған парақшаның ашылғанын аңғарған.

Владислава Савельева – Петропавл қаласының тұрғыны:


– Өткен жылдың қарашасының соңында таныстарым хабарласты. Өзге біреулердің біздің атымыздан әлеуметтік желілерде жалған парақша ашып, ақша жинап жатқанын жеткізді. Ғаламторды ашып қарасам шынымен де менің балам туралы деректер және фотосуреттер көрсетілген. Бірақ, банк реквизиттері менікі емес.

Оқиғадан хабардар болған полицейлер бірден жедел іздестіру шараларына кірісіпті. Нәтижесінде бұл іске қатысы бар деген күдікпен 1996 жылғы азамат қолға түскен.

Серік Арғын – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Жігіттің ұсталғаны және жазасы туралы. айтады. 1996 жылы туылған Қала тұрғыны, жұмыссыз.

Уақытша тергеу изоляторына қамалған 20 жастағы петропавлдық тұрғын бұрын сотталмаған. Қазір кінәсін толығымен мойындап отыр. Бұл арам ойын 2016 жылдың наурызынан бастап жүзеге асырып келген жігіт осы уақытқа дейін әжептеуір табыс тауып үлгерген.

Задержанный:


– Әрдайым “ВКонтакте” желісінде балалардың еміне ақша жинайтынын көрдім. Сөйтіп, жалған парақша аштым. Шынымен сырқат баланың суреттерін жүктеп, онда өз реквизиттерімді жазып, түрлі топтарға жариялай бастадым. Осылайша шотыма барлығы 500 – 600 мың теңгедей қаражат түсті.

Қазіргі таңда полицейлер 20 жастағы алаяқтың құрығына ілігіп, алданып қалған азаматтардың есімдерін анықтап жатыр.

Тогжан Акмагамбетова