Спорт

Қаңтардың 9 күні “Құлагер” ХК “Алматы” құрамасына қарсы ойнайды

Бүгін, яғни қаңтардың 9-ы күні жергілікті “Құлагер” командасы биылғы жылы өзінің алғашқы матчын “Алматы” клубына қарсы өткізеді. Бұл ойын кешкі сағат жетіде Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өтеді. Еске сала кетейік, қос команда өз тарихында 10 рет кездескен. Оның бесеуінде петропавлдықтар жеңіске жетсе, тағы соншасында оңтүстік астананың ұжымы басым түсіпті. Барлығы 36 матч өткізген “Құлагер” командасы қазір турнирлік кестеде 62 ұпаймен бесінші орында келеді.

 

Риат Шони