МТРА жаңалықтары

2016 жылы желтоқсан айында СҚО-да ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 719 теңгені құрады

Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 пайызға көтерлген. Орта есеппен алғанда азық-түлікке солтүстікқазақстандықтар – 11 831 теңге, ал ақылы қызмет түрлеріне 7 888 теңге шығындайды екен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің бесінші бөлігі ет пен балыққа және одан екі есе аз көлемде жеміс-жидектерге жұмсалған. Сонымен қатар, аталған соманың 16%-ын тұрғындар сүт пен май және жұмыртқаға, ал бұдан қалғаны, яғни 3%-ын дәмдеуіштер мен шай алуға ұқсатқан.

Берик Касен