Құқық қорғау органдары

«Пиротехника» акциясының қорытындысы жарияланды

Операция желтоқсанның 12-сі мен қаңтардың 5-і аралығында жүргізілген болатын. Осы мерзім аралығында тәртіп сақшылары алдын алу шаралары мен рейдттер өткізіпті. Шара барысында қаладағы салют пен феерверк сатылатын 30 сауда нүктесі тексерілді.
Нәтижесінде пиротехникалық бұйымның 3 мыңнан астам түрі тәркіленді. Алдағы уақытта заңсыз сатылған заттар жойылады.

Ринат Багаутдинов – Петропавл қалалық ІІБ бөлімінің аға инспекторы:

– Алдын алу шарасы барысында Петропавл қаласының 10 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқан. Бұл жағдайда заңмен 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Берік Қасен