Соңғы екі жылда депозит сыйақысының ставкасы 9-дан 15 пайызға өсіпті. Нәтижесінде қаржы институттарының салымшылары артқан. 2016-шы жылдың 1-ші желтоқсанындағы ақпарат бойынша өңірдегі банк филиалдарында 115,4 млрд теңге депозит бар. Салымшылардың саны артқанымен несие алушылардыкі әлдеқайда төмен екен.
Жомарт Қажырақымов – «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ директоры:
– Берілген несиелердің жалпы сомасы 103 млрд теңге. Яғни, банктердің 12 млрд жай жатыр. Олар айналымға түсіп, несиелердің пайыздық ставкаларымен пайда әкелу қажет. Сол себепті депозиттің базалық пайыздық ставкасы 12 пайыз болып белгіленді.
Қазіргі таңда халықтың көбі депозитті долларда ұстап, ал несиені теңге валютасында алғылары келеді. Бұл қаржы институттары үшін тиімсіз. Сол себепті, Ұлттық банк шетелдік валютаның пайыздық мөлшерлемесін 2 пайыз қылып белгілеген. Ал теңгедегі депозиттердің сыйақысы 14 пайыздан аспауы керек. Бұл тек қазір банктерде қосымша қаражаттары бар жандар үшін жұмыс істейді.
Жомарт Қажырақымов – «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ директоры:
– Барлдық банктер Ұлттық банктің кепілдік қорының қатысушылары болып саналады. Бұл кепілдік қоры жылына екі рет шешім қабылдап, сыйақының ең жоғарғы мөлшерін белгілеп берді. Ол 14 пайыз болып отыр.
Қаржы нарығындағы бір сыйақы мөлшерлемесінде өзгеріс болғанда, ол басқаларына да әсер етуі керек. Яғни, депозит арзандаса, несиенің де пайыздық мөлшерлемесі төмендеуі тиіс. Осы жағынан алғанда, алдағы уақытта еліміздің қаржы нарығында несиелер арзандауы мүмкін.
Риат Шони