Құқық қорғау органдары

2016 жылы солтүстікқазақстандықтар ерікті түрде 200-ден астам қару тапсырды

Оларға жалпы сомасы 2 млн 500 мың теңгенің өтемақысы төленіпті. Сондай-ақ, республикалық акция аясында мыңнан астам адам меншігіндегі қаруын заңдастырған. Жауапкершілікке тартылғандары да жоқ емес. Былтыр заңсыз айналымнан 55 бірлік мылтық тәркіленіп, 560 адамның қаруды сақтау ережесін сақтамағандығы анықталыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, өрескел құқықбұзушылық жасағандарға қылмыстық жазаға да қарастырылған.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– 2016 жылы үйдерден 192 қару табылды. Олардың басым бөлігі өз еріктерімен өткізді. Сондай-ақ, осынша адамға үйде қару сақтауға рұқсат қағазы берілді.

Берік Қасен