Жаңажылдық мереке күндері өңірде 24 төтенше жағдай тіркелді

МТРА жаңалықтары

12:56 4 Қаңтар 2017

Салдарынан дауылды ескерту жарияланып, алыс жолға шықпау жайлы хабар таратылды. Дегенмен, бұған құлақ аспаған 100-ге жуық тұрғын автокөліктерімен мереке күндері қар құрсауында қалған. Абырой болғанда, жерлестеріміз облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының көмегімен аман-есен құтқарылды.

Рүстем Жұмағалиев – СҚО ТЖД Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы:

– Мереке күндері төтенше жағдай облыстың 4 ауданында жарияланды. Қазірдің өзінде Саумалкөл-Новоишимка және Сергеевка-Тимирязев бағытындағы тасжолдар қардан тазартылуда. Соның барысында мамандар жолда қалып қойған тұрғындарға да көмектесуде. Дегенмен, оңтүстік-батыстан соққан жел күшті. Боран бірден тазартылған жолды қайта ұстап қалуда. Жалпы, мереке күндері өңір аумағында 25 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Жаңа жылда Петропавлда өрт оқиғасы да орын алды. Дәл қаңтардың 1-ші жұлдызында кешкі сағат 8-дер шамасында Ж.Жабаев көшесіндегі 170-ші үйден от шыққан. Қызыл жалын 1 бөлмелі пәтердің 36 шаршы метр жерін шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 55-шы жылы туылған қала тұрғыны қаза тапты. Өрттің неден шыққаны, әзірге белгісіз.

Дмитрий Рябенко – СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қызметі бөлімінің бастығы:


–  Өрт 30 минуттың ішінде ауыздықталды. Төтенше жағдай орын алған жерде 24 құтқарушы мен 7 бірлік техника қызмет етті. От үй иесінің немқұрайлылығының салдарынан тұтанды деген болжам бар. Қаза тапқан тұрғынның көршілері оның үнемі ішімдік ішіп, баспанасында темекі шегетіндігін айтты. Өткен жылдың 16 наурызында дәл сол пәтерден түтін шыққан болатын. Онда құтқарушылар баспанадан тұрғындарды аман-есен құтқарған еді.

Тағы, 31-ші желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев көшесіндегі 239 үйде де өрт оқиғасы орын алды. Абырой болғанда, мамандар 53 жылы туылған ер азаматты құтқарып қалды.
Айта кетейік, былтырғы Жаңа жыл мерекесі күндері облыста төтенше жағдай салдарынан 3 жерлесіміз қаза тапқан болатын.

Култанов Байболат