Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға артты

Әлім Шегенов өмірінің 42 жылын ұстаздыққа арнапты. 14 жыл бұрын зейнет демалысына шыққан қария жыл сайын оның көлемі артып отыратындығына риза. Бүгіндері 80 жасты алқымдап қалған ақсақал 50 мың алады екен.

Әлім Шегенов – зейнеткер:

 

– Зейнетақы жетеді. Енді тағы қосылады деп отыр. Оған қуаныштымыз. Ол – елдің амандығы, тыныштығы. Үкімет басындағылардың еңбегі жемісті болсын.

Өңірімізде бүгінде 100 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың барлығы жыл басында орын алатын осындай жаңалықты қуана қабылдауда.

Күлжиян Әбілмәжінова – зейнеткер:


– Жаңа жылдан бастап зейнетақы қосамыз деп жатыр. Қазір – 9, кейін жазда тағы – 11 пайыз. Әрине, біз қуаныштымыз. Президентімізге рахмет. Барлығының бағасы өсіп жатса да пенсия да қосылып жатыр.

Николай Семененко – зейнеткер:


– 43 жыл мұнай базасында жұмыс істедім. Зейнетке шыққаныма 20 жылдан асты. 75 мың теңге аламын. Биыл тағы көбейтіп жатыр. Ризамын.

Жаңа жыл ала келген тағы бір қуанышты жаңалық, ол – қосымша әлеуметтік төлемдер көрсеткішінің де өсуі. Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын және бала тууға қатысты төленетін төлемдер мөлшері 7 пайызға артқан. Соңғысы шілденің бірінен тағы 13 пайызға өсетін болады.

Магжан Ахмадина