МТРА жаңалықтары

Соңғы 4 тәулік ішінде Петропавлда жасалған 18 қылмыстың 13-нің ізі суымай ашылды

– 353 центру!

– На связи!

– Доложите местонахождение, обстановку!

– Жабаева – Интернациональная. Норма!

Қазіргі таңда Петропавлда 74 бейнебақылау құралы орнатылған. Олар қала көшелері мен мемлекеттік мекемелердің маңын бейнежазбаға түсіреді. Өткен жылы дәл осы камералардың көмегімен Жедел басқару орталық қызметкерлері 19 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықтапты. Оның басым бөлігі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты.
Айта кету керек, мереке күндері тәртіп сақшылары қала тыныштығын қатаң бақылаған.

Ақмарал Балахметова – Петропавл қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының инспекторы:

– Жаңа жыл түнінде облыс орталығында барлығы бірқалыпты жағдайда өтті. Аса ауыр қылмыстардың жасалуы тіркелмеді. Шақыртулардың басым бөлігі қаңтардың 1-нен 2-не қараған түні келіп түсті. Олар – негізінен, ащы суды ішіп алып, отбасыларында жанжал шығарғандар.

Сонымен қатар, мереке күндері жол-патрульдік полиция қызметкерлері де қатаң жұмыс тәртібіне көшті. Олар көшелерге бақылау жүргізіп қана қоймай, тұрғылықты мекен жайы жоқ 70-тен аса адамды Әлеуметтік бейімдеу орталығы жанындағы түнеу орнына жеткізген. Жалпы, 4 тәулік ішінде полицейлер Петропавлда 18 қылмысты анықтады. Оның басым бөлігі – ұрлық. Жасалған құқықбұзушылықтардың 13-інің із суымай ашылды.

Култанов Байболат