МТРА жаңалықтары

Петропавл халықаралық әуежайынан ұшақтардың ұшуы қайта қалыпқа келтірілмек

Сәйкесінше, 1-ші қаңтардан бастап авиакасса да жұмыс істемейді. Бұның басты себебі, техникалық ақауға байланысты дейді әуежай директоры Марат Хасенов. Оның айтуынша, жуық арада бұл олқылық түзетіліп, әуе кемелері Петропавл әуежайына қайта қонатын болады. Еске сала кетейік, солтүстіктен соңғы ұшақ 31-ші желтоқсан күні Астана бағытында ұшқан еді. Бүгінде билет құны елордаға дейін -14 мың 300, Алматыға дейін 18 мың 500 теңгені құрайды.

Марат Хасенов – «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ директоры:

 


–  Қаңтардың 10-на дейін Астана, Алматы бағыттарына ұшақ ұшатын болады. Жаңа жылда жаңа келісім шарттарға қол қойылуда. Бұл екі рейс те республикадан субсидия алады. Азаматтық авиациялық комитеттің де өздерінің үрдістері бар. Рейс 7-8 қайта ашылуы мүмкін. Біздің әуежай кез келген уақытта ұшақтарды қабылдауға әзір.

Айгерим Ержанова