МТРА жаңалықтары

Мереке күні туылғандар

Ол мұнда жанұясының тағы бір жанмен толығуын күтті. Оның кішкентай Артуры – 2017 жылы туған тұңғыш солтүстікқазақстандық. Нәресте дәл бірінші қаңтар күні сағат 02:45-те шыр етіп өмірге келіпті.

Алена Разакова, Аққайың ауданының тұрғыны:


– Жұбайымызбен бұл баланы көптен күттік. 3 кг 600 грамм болып туылды. 8 жастағы тағы бір ұлым бар. Ол да інісінің тезірек үйге келуін күтіп жүр.

Алена таңғажайып мерекені перинаталдық орталықта қарсы алған жалғыз әйел емес. Мұнда дәл Жаңа жыл түні толғағы бірінен соң бірі келген 6 нәзікжанды сәбилерін аман-есен қолдарына алған.

Жанна Маутова, Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:


– Оның 4-еуі – қыз, 2-уі – ұл. Былтыр желтоқсанның 31-нен бірінші қаңтарға қараған түні 9 бала туылғантын. Бұл жылы да ақхалаттылар Жаңа жылды үйінде қарсы алудың орнына түнімен осында толғағы қысқан әйелдерді босандырды. Ал, қаңтардың 1-і мен 3-і аралығында 27 бала жарық дүние есігін ашты. Оның 14-і – ұл, қалған 13-і – қыздар.

Статист мамандардың ақпарынша Қазақстанда есімі Жаңа жыл мерекесімен байланысты 100-ден артық адам тұрады. Естімеген елде көп демекші, оның ішінде балаларына Елка, Жаңажыл, Ақшақар деген ерекше аттарды қойғандары да бар.
Айта кетейік, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда 5 мың 520 нәресте туылған екен.

Акбопе Танирберген