Қоғам

Петропавлда бұрын-соңды болмаған анимациялық шоу көрсетілді

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама “Тәуелсіздік стеласы” маңында өтуде. Кешке келген халықтың қарасы қалың. Жерлестеріміз өнерпаздармен қосыла ән шырқап, мың бұрала би билеуде.

Ал, енді солтүстікқазақстанда бұрын-соңды болмаған анимациялық шоуға да кезек келді. Қойылым басталғаны сол-ақ еді лазер сәулелері бірден маңайға жарық шашып, сән берді. Алдымен биіктігі 12, ал ені 16 метр болатын экраннан Петропавл мен Астана қалаларының көрікті жерлері көрсетілді. Кейін, жерлестеріміз ертегі үзінділерін қызыға тамашалады. Бұл бағдарламаны Челябі қаласынан келген өнерпаздар арнайы теріскейліктер үшін әзірлепті.

Дмитрий Шнайдер – “Студия визуальных решений” ЖШҚ коммерциялық директоры, Челябі қаласы, РФ:

– Біздің студия 10 жылдан бері лазерлік шоумен айналысады. Өзіміз Ресейдің біраз қаласын араладық. Енді, міне Жаңа жылға орай Петропавлға келіп отырмыз. Қойылым қызыққа толы. Әсіресе, кішкентай балғындарға ұнап жатады.

“Время волшебства” атты мерекелік бағдарлама 5-6 минутқа созылады. Қызылжарлықтарға қызықты қойылым ұнаған сыңайлы.

–  Маған қойылым өте ұнады. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

– Қызықты шоу болды. Өте керемет.

– Бұл жерде көңіл көтеріп жатырмыз. Концерт те, қойылым да керекмет болды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Челябі қаласының өнерпаздары еліміздің Астана, Қостанай, Көкшетау қалаларында болыпты. Мерекелік бағдарлама би кешіне ұласты.

 

Байболат Құлтанов