МТРА жаңалықтары

Жаңа жыл қарсаңында СҚО ІІД петропавлдық қаңғыбастарға киім таратты

Баспана Жұмысшы кентінде орналасқан. Мұнда қаңғыбастарға алғашқы медициналдық көмек те көрсетіледі. Осы жерге полиция өкілдері жиі бас сұғып, тағдырдың тәлкегіне түскендерге ыстық тамақ әкеп тұрады.

Виталий Заицкий:


– Тәртіп сақшылары бізге жақсы қарайды. Күнделікті жейтін тамағымызды әкеліп тұрады. Бізге көмектесіп жүрген жандарға алғысымды айтамын. Жаңа жылда тұрғындарға бар жақсыны тілеймін.

Мекеме 50 кереуетке шақталған. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары қаңғыбастарға тамақтан басқа сыйлық ретінде киімдер таратты. Әрқайсысына қолғап пен шұлық берілді.

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік батальоны командирінің орынбасары:

-В канун Нового года хотел бы пожелать крепкого здоровья, удачи и всего самого хорошего.

Қарашаның басынан түнеу орнына 700-ден аса адам жеткізілген.

Берік Қасен