МТРА жаңалықтары

Шара Жиенқұлованың суреті бейнеленген “Қазақ вальсі” монетасы шықты

Номиналы 500 теңгелік шақа “Қазақ вальсі” деп аталады. Күмістің 925 сынамасынан жасалған монетада қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Жиенқұлова бейнеленген. Ол 3000 данамен шығарылды. Құны-12 мың 900 теңге тұрады.

Александр Афанасьев – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ касса меңгерушісі:

– Қазақ өнеріне арналған монета айналымға желтоқсанның 27-сі күні шығарылды. Бүгінге дейін 5 шақа сатылды. Ол құнды металлдан жасалынған. Салмағы 31,1 грамм. Формасы – тіктөртбұрышты. Алғаш рет монета мынадай дөңгелек құтымен қапталды. Әрқайсысының 3 тілде жазылған сапа сертификаты бар. Сондай-ақ, бұл монетаны ақшалай 500 теңге ретінде де қолдануға болады.

 

 

Айгерим Ержанова