МТРА жаңалықтары

Петропавлда Жаңа жыл мерекесі кең ауқымда тойланбақ

– Қазір қаламыздың орталық алаңында әр күн сайын Жаңа жылға арналған кешкілік мерекелік бағдарлама өтуде. Ал, бүгін теріскеліктер тіпті тамаша кештің куәгері болмақ. Мына “Тәуелсіздік стелласы” маңында жерлестеріміздің назарына бұрын-соңды болмаған анимациялық шоу ұсынылады.

Қазір “Тәуелсіздік стелласы” маңында жұмыс қызған. Мамандар анимациялық шоу көрсетілетін алаңды дайындауда. Бұл “Время волшебства” атты мерекелік бағдарлама 5-6 минутқа созылады деп жоспарланған. Осы уақыт аралығында үлкен экраннан ертегі үзінділері көрермен назарына ұсынылмақ.

Әлия Бейсенова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:


–   Желтоқсанның 29-ы күні кешкі сағат 19:00-де “Тәуелсіздік стелласы” алаңында би кеші басталады. Сондай-ақ, анимациялық шоу жерлестеріміздің назарына ұсынылмақ. Қызықты көріністі Челябі қаласынан келген мамандар әзірледі. Бұл бағдарламаны ресейліктер мерекеге тарту қылып арнайы дайындап әкелді.

Желтоқсанның 30-шы жұлдызы да мерекелік бағдарламаға толы. Бұл күні орталық алаңда кешкі сағат 18:00-де “Армысың, Жаңа жыл” атты концерт ұйымдастырылмақ. Ал, жерлестерімізді 31-і күні тіпті қызықты кеш күтіп тұр.

Әлия Бейсенова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

– Биылғы жылдың соңғы күні қаламызда ерекше мерекелік бағдарлама өтпек. “Құтты болсын, Жаңа жыл” атты концерт орталық алаңда кешкі сағат 19:00-де басталады. Кеште ән айтылып түрлі қызықты ойындар ойнатылмақ.

Мерекелік кеш соңы отшашмен аяқталман. Фейрверг кешкілік “Тәуелсіздік стелласы” маңында атылады деп жоспарланған. Жалпы, мереке күндері ұйымдастырылатын іс-шараларға 70-ке жуық жергілікті өнерпаздар қатысады.

 

Култанов Байболат