МТРА жаңалықтары

Жаңа жыл қарсаңында алдын алу шаралары күшейтілуде

Әлеуметтік маңызы бар нысандарда күнделікті өртке қарсы мониторинг жүргізіліп, әсіресе, адамдар көп шоғырланатын орындар басты назарға алынған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, желтоқсанның 25-і мен қаңтардың 7-сі аралығында өрт оқиғаларының саны күрт артатын көрінеді.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:


– Соңғы 3 жылда, әсіресе Жаңа жылды атап өту кезінде облыс аумағында 137 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 17 адам көз жұмды. Көп жағдайда тұрғындар электр жабдықтары мен пешті дұрыс пайдаланбаған. Қазіргі таңда біз бұқаралық шаралар өтетін орындарды алдын ала тексеріп жүрміз. Шыршалардың орнатылуы мен оған ілінген шамдардың жарамдылығын байқаймыз.

Жаңа жыл меркесінде адамдар ойын-сауық орындары, дәмханалар мен мейрамаханаларға көп жиналады. Аталған нысандар да ТЖД қызметкерлерінің жіті бақылауында. Мамандар осы қыста қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 300 жадынама парақшасын таратыпты.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:


– Қазіргі таңда біз тәртіп сақшыларымен бірлесіп пиротехникалық бұйымдар сақтайтын және оны сататын орындары тексерудеміз. Осы қыста 15 рейд өткізілді. Контрафактілік тауарды заңсыз саудалаған 5 адамға хаттама толтырылды.

Петарданы алар кезде тұрғындар сатушыдан тауардың сертификатын сұрауға құқылы.

Берік Қасен