Спорт

Петропавлда шаңғы марофоны өтті

Жеңіс Әбілмәжін – СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры:


– Біздің колледждің оқытушылары мен студенттері жарыстарға үнемі қатысып тұрады. Ылғи биік белестерден көрінеміз. Қысқы спорт түрлерінің ішінде ұл-қыздарымыз шаңғы жарысынан алда жүреді.

Ендігі кезек, қаз-қатар бой түзеген шаңғышыларға келді. Ең алдымен жарыс жолына 45 жасқа дейінгі нәзік жандылар шықты. Олар 1 шақырымды артта қалдырып, мәреге жетті. Бұдан соң, кезек ер азаматтарға тиді.

Шаңғышылар 2 шақырымды еңсерді. Жігіттердің жарысы тартысқа толы болды.

Ақжан Сұрағанов – Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейіеің мұғалімі:

– Жарыста бастысы жеңіске жету емес. Қатысып,бағынды сынау. Өзім шаңғы спортына жақынмын.

Айта кетейік, ел Тәуелсігінің 25 жылдық мерейтойына арналған марофонға 60-қа жуық шаңғышы қатысты. Олардың дені қаламыздағы колледж, интернаттық мекемелер мен мектеп директорлары. Тағы, мұғалімдерде бар.

Қанат Сәдуақас, СҚО бiлiм басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығының директоры:

 


– Шараның басты мақсаты білім беру мекемелерінің директорлары мен мұғалімдерін спортқа тарту. Алдағы уақытта мұндай жарыстар өтетін болады.

Жарыс соңында үздіктер анықталды. Оларға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды.

Култанов Байболат