МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында дәнекерлеуші мамандар сынға түсті

Сондықтан сайысқа өз істерінің жілігін шағып, майын ішкен дәнекерлеуші мамандар қатысуда. Олар жарыста алдымен тест сұрақтарына жауап берді. Енді, міне темірден түйін түйген жігіттер шеберханада арнайы тапсырманы орындамақ.

Бұл сында үміткерлер 4 метал пластинкасын бір-біріне қосып дәнекерлейді. Кейін, оны бетін тазалап тұтас темір бөлшегін шығарады. Тапсырманы түсінген жігіттер іске білік сыбана кірісті. Олардың қатарында – Александр Чибисовта бар. Маманның дәнекерлеуші болып еңбек еткеніне 10 жылға жуықтапты.

Александр Чибисов – “Мехколонна Рем Строй Сервис” ЖШС дәнекерлеушісі, Қызылжар ауданы:

– Байқауға қатысуға шақырды. Бірден келісіп осында бағымды сынауға келдім. Тапсырмалар аса қиын емес. Жаңа тест сұрақтарына жауап бердік. Жеңіске жетуге бар күшімді саламын.

Тағы, шеберлер сайыста құбырды бір-біріне қосып дәнекерледі. Мұның барлығын төрешілер қатаң бақылады. Олар жылдам, әрі сапалы дайындалған жұмысқа жоғары бағаларын берді.

Марс Сулейменов – байқаудың төрешісі:


–  Дәнекерлеушілер практикалық тапсырманы 30 минут ішінде орындаулары тиіс. Осы уақыт ішінде қатысушы сапалы жұмыс дайындаса 80 ұпай иеленеді. Біз мұндай байқаулар арқылы үздік мамандарды іріктейміз. Олардың өз жұмыстарына деген қызығушылығын одан әрі арттырамыз.

Жалпы, “Жұмысшы жастардың кәсіби шеберлік” байқауына 10 дәнекерлеуші қатысты. Олардың арасынан жүлдегер атанып, үздік шыққандарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Байболат Құлтанов