Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өткен сенбі күні отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін жаңа жылдық шырша өтті

Ал, ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген жеткіншектер әртістермен бірге би билеп, ойын ойнады, шыршаны айнала ән салды.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Татьяна Ахмадиева жаңа жылдық шыршаны көптен күткен екен. Биыл жеткіншек Ақшақар кейпіне енген. Костюмді әзірлеуге 3 күн кетіпті.

Татьяна Ахмадиева – Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:

– Мен барлықтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Мент сіздерге мол бақыт, ашық аспан, денсаулық тілеймін. Мен өте қуаныштымын. Өйткені, бізде осындай достар бар.

Мерекелік кешке СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің балалары және отбасылық үлгідегі балалар ауылының жеткіншектері қатысуда.

Азамат Қожасов – СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кадр бөлімінің аға инспекторы:

 

– Балалар өте жақсы көңіл көтеруде. Келе жатқан Жаңа жыл барлықтарымызға жақсылық, елімізге тыныштық әкелсін.

Шара соңында балғындарға Аяз атадан тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Тогжан Акмагамбетова