МТРА жаңалықтары

Облыстық қорғаныс департаменті жылды қорытындылады

Ведомство мамандарының біліктілігі жетілдіріліп, техникалық және материалдық база жаңартылды. Сонымен қатар, биыл солтүстікқазақстандық мың жарымға жуық жігіт Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттаныпты. Жалпы биылғы жоспар 100 пайыз орындалған.

Еркінбек Байболов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

– Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойладық. Біз республикада екінші орныға қол жеткіздік. Бұл үлкен табыс деп санаймын.

Атқарылған істер сараланып, алдағы жоспар айқындалды. Кезек жыл бойы үздік қызмет көрсеткен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді марапаттауға келіп жетті. Бүгін ерекшеленгендердің қатарында Қызылжар ауданының мамандары да бар.

Ардақ Бикешев – Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы:

 


–  Біз жыл бойына бүкіл тапсырмаларды орындадық. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді шақырдық. Сондықтан осындай жетістіктерге жеттік. Қазіргі күні қарулы күштердің жетістіктері артып, дамып келе жатыр.

Шарада жыл бойы қорғаныс істері жөніндегі департаментпен етене жұмыс жасаған БАҚ өкілдері де марапатқа ие болды. Жаңалық жаршыларының арасында муниципалдық арнаның еңбегі ерекшеленді.

Магжан Ахмадина